Маңғыстау облысы білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын1974 жылы 16 қыркүйекте Аудандық атқару комитетінің шешімімен Маңғыстау аданынының орталығы Шетпе кентінен аудандық балалар музыка мектебі ашылды. Мектеп өз жұмысын 3 мұғалім, 60 оқушымен бастады. Шәкірттерге домбыра класы бойынша Мұқашқызы Айымхан, фортопиано класына Глазкова Зинайда Васильевна және баян класына Қондыбаева Балсұлу дәріс берді.
2008-2009 оқу жылы аудан әкімінің шешімімен 10 ауылдан 12 мұғалім, 118 оқушымен филиал ашылды.
2022-2023 оқу жылы 37 мұғалім, 460 оқушы
2024-2025 оқу жылы 43 мұғалім, 480
оқушы2025-2026 оқу жылы 33 мұғалім, 470 оқушы
